Мәслихат депутаттары тұрғын үй басқару органдарының басшыларымен абаттандыру мәселелері көтерілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 сәуір 2026 жылы Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның бастамасымен, «Amanat» партиясының «Turgyndar amanaty» жобасы аясында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары КСК, ОСИ және кондоминиум төрағаларымен кездесті.
Басқосуда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша өтіп жатқан екі айлық аясында аулалар мен тұрғын үйлер аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізу мәселесі сөз болды. Оның ішінде аулаларды көгалдандыру, абаттандыру, апта сайын сенбілікке шығып, тұрғын үйлердің айналасын қоқыстан тазарту мәселелері көтерілді.
Бұған дейін қала округтерге бөлініп, әр округке жауапты депутаттар бекітілген-ді. Енді олар аулалардың тазалығын сақтау және тұрғындарды сенбіліктерге жұмылдыру жұмыстарын үйлестіретін болады.
Гүлқасима Сүйінтаева кездесуде КСК, ОСИ және кондоминиум төрағаларын тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырып, тұрғындардың сенбіліктерге қатысып, қаламыздың гүлденіп, дамуына үлес қосуы керегін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1218736?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version