Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.
Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (29 маусымға дейін).
Екінші – облыстық кезең (15 шілдеге дейін).
Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
Толық ақпаратты “ССарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-нен алуға болады.
Тел: 8(72831)33741, 33834.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-sarybel/press/news/details/1219129?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау