Нашақорлықтың алдын алу және жауапкершілік: Қостанай облысы Полиция департаментінде кеңес отырысы өтті
Бүгін Қостанай облысы Полиция департаментінде нашақорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ есірткіге тәуелді азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған.
Кеңес отырысын Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Саден өткізді. Кездесу барысында ол нашақорлық құқықбұзушылықтарына қарсы күресте бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті:
— Жас ұрпақ ерекше назарды қажет етеді. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана қоғамды есірткі қаупінен қорғап, салауатты болашақ қалыптастыра аламыз, — деді ол.
Іс-шара соңында кеңес мүшелеріне профилактикалық жұмыстарға қосқан үлесі үшін грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, кеңес құрамына жаңа мүше қабылданып, оған нашақорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесінің куәлігі салтанатты түрде тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1218822?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау