Новобаженово ауылында Ұлы Жеңістің 81 жылдығы аталып өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Тағылымды шараға Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырлар рухына тағзым жасалып, майдангерлер мен тыл ардагерлерінің ерен еңбегі құрметпен еске алынды. Ауыл тұрғындары, ардагерлер, мекеме қызметкерлері мен жастар ескерткіш маңына гүл шоқтарын қойып, Отан үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мерекелік шарада патриоттық әндер шырқалып, жас ұрпаққа отансүйгіштік рухты насихаттайтын тағылымды бағдарламалар ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1219065?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version