ӨКІЛ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Ұ. Байхожаев Қызылорда облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылар тобының жетекшісі Ж.Б. Ұзақбаевамен бірге Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

          Бару барысында мекеменің материалдық-техникалық жағдайымен, тәрбиеленушілерге жасалған тұрмыстық және әлеуметтік жағдайлармен, тұрғын бөлмелердің жабдықталуымен, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуымен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға көрсетілетін қызметтердің ұйымдастырылуымен танысты.

          Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, олардың қауіпсіздігіне және әлеуметтік бейімделуіне қатысты мәселелерге назар аударылды.

          Мониторинг барысында мекеме қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалар құқықтарын қорғау саласындағы заңнама нормалары бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1219348?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version