Өткен аптада атқарылған және алдағы аптаға жоспарланған іс-шаралар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің кезекті кеңесінде Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қаппасов өткен аптада атқарылған және алдағы аптаға жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.

Сөз барысында білім сапасы, педагогтер мен басшылардың сапалық құрамын мониторинглеу, жаңа оқу жылына дайындық, 1-сыныпқа қабылдау, оқулықтар сатып алу, мектептерді жөндеу, жаңғырту, жаңа мектептер мен кабинеттерді жабдықтау, «Келешек мектептері» жобасы бойынша педагогтер мен басшылардың сапалық құрамы бағаланды. Лицензия алу алдындағы бақылау 3 ұйымда өтті. Мектеп формасын сақтау бойынша ата-аналарға әкімшілік шаралар қолданылғаны, жаңа ғимараттағы лицензия қосымшалары жоқ білім беру ұйымдары тексерілгені, барлық жекеменшік мектептерге прокуратуралық тексерулер жүргізілгені, білім беру саласындағы проблемаларды шешу жоспары талданды.

Мониторинг жүргізіліп, мақала жариялауға ұсынылды, 1 тоқсан есебі дайындалды, қауіп-қатерлер мен конкурстар бақылауда, әкімшілік іс пен азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.

Алдағы аптада лицензия алу бойынша түсіндіру жұмыстары, «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасын мониторингтеу, педагог-зерттеушілердің сапасын бақылау, жоспардан тыс тексеру, БЖБМ-2026, PIRLS-2026 халықаралық зерттеуін ұйымдастыру, балаларды сауықтыру орталығының  лицензиялау мәселесі бойынша және әкімшілік сот ісіне дайындық жоспарланып отырғандығын атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1219121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version