ОРАНҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының Оранғай ауылдық округінде жалпыауылдық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Ауқымды шара елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілді.
Тазалыққа ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене атсалысты. Жалпы саны 1000-ға жуық адам жұмылдырылып, қоғамдық орындар, көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстарына 23 бірлік арнайы техника тартылды.
Тазалық шарасы барысында қоқыстар шығарылып, жол жиектері мен арық-атыздар тазаланды, жасыл аймақтар ретке келтірілді. «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасып, аудан аумағындағы барлық елді мекендерді қамтитын болады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1219051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version