Павлодар облысы ТЖД-де өртке қарсы қызмет ардагерлері — ҰОС қатысушыларына арналған фотокөрменің таныстырылымы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында Ұлы Отан соғысына қатысқан өртке қарсы қызмет ардагерлеріне арналған фотокөрме өтті. Жеңістен кейін 37 майдангер өз өмірін облыстың қала-аудандарындағы өрт сөндіру бөлімдеріндегі қызметпен байланыстырды. Олар бөлім және қарауыл басшылары, жүргізушілер болып еңбек етіп, жас қызметкерлерге үлгі-өнеге көрсетті.

Ардагерлер кеңесінің төрайымы Аскарова Какима Хайрулловна әрбір майдангердің жауынгерлік және еңбек жолы туралы айтып өтті. Ол бүгінгі қызметкерлер аға буынның даңқты дәстүрін лайықты жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1219381?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version