Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Пернесінде сөйлейді ұлы дала» атты жеке аспапта орындаушылардың облыстық байқауы өтті.
Аталған мәдени іс-шара Атырау облыстық Ардагерлер кеңесі, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, ұлттық өнерді насихаттау, дәстүрлі музыканы дәріптеу және орындаушылық шеберлікті арттыру мақсатында өткізілді.
Байқауға қала мен аудандардан 18 қатысушы қатысып, белгіленген талаптарға сәйкес әрбір өнерпаз бір халық күйін, авторлық шығармасын және ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен бір ән орындады.
Қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушылардың барлығы «Лауреат» атағына ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1219331?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау