Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан
халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.
Мекен жайы: Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар отырысы 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 15.00- де өткізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы
«2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» №37/220-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт ауданының жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту
туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы
«Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №10/63-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Т.Калымбетов
аудандық мәслихат төрағасы.
Ескертпе: Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1218665?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау