ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы А.Н. Жаманбалина 2026 жылғы 12 мамырда Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау бекітілген жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес өткізілді.
Қабылдау барысында азаматтар денсаулық сақтау саласына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірмелер мен консультациялар алды. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті түсініктемелер берілді.
Азаматтарды қабылдау орталығы мемлекеттік органдар мен халық арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ашық диалог алаңы болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1218464?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау