Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс жоспарына сәйкес Қызылқия ауылдық округіне қарасты Айнатас елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Нысанның сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына мән беріп, жауапты мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, Қызылқия елді мекеніндегі Тоқтамысов және Ақтілек көшелерін жарықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады. Ауыл ішіндегі инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бұл жоба тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Сонымен қатар, аудан әкімі өндірістік парк құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысты. Жоба жүзеге асқан жағдайда ауданның өндірістік әлеуеті артып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1218814?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау