Құтқарушылар теңіздегі бақылауды күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалыс және мереке күндері профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Шаралар Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Көліктік бақылау инспекциясының бірлесуімен өткізілді.

Рейдтік іс-шаралар барысында Каспий теңізі акваториясында қауіпсіздік талаптарының сақталуы күшейтілген бақылауға алынды. Мамандар тұрғындар мен шағын көлемді кеме иелеріне судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, көліктік бақылау инспекциясының өкілдері ТЖД қызметкерлеріне шағын көлемді кемелердің заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша практикалық сабақтар өткізді. Бұл шаралар бақылау және әрекет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Рейд нәтижесінде ережелерді бұзған 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Маңғыстау облысы ТЖД

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1218780?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version