СӘРСЕНБІЛІК ЖИЫН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Құмақсай ауылдық округіне “AMANAT” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев іссапармен келіп, Теректі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дамир Гумаровпен бірге ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Алыстан келген жолаушыларды Құмақсай ауылдық округінің әкімі Сержан Мадиев қарсылап, бағыттады.

Отырыс барысында тұрғындар тарапынан бірқатар тақырып бойынша мәселелер көтерілді. Атап өтсек, жол жағдайы, жайылым мәселесі, электр қуаты, медициналық сақтандыру және жас мамандар мен жас отбасыларға арналған үй мәселесі. Аталған тақырыптар ортаға салынып талқыланып, пікірлер айтылды. Халық көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, сала мамандары да өз жауаптарын берді. Отырыс барысы жергілікті тұрғындарды жеке қабылдауға жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1219444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version