САҒАШИЛІДЕ 5 КҮНДІК ОҚУ-ДАЛА ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұғалжар ауданындағы жалпы білім беретін орта мектептерінің 10-сынып оқушыларына арналған 5 күндік оқу-дала жиыны басталды. Іс-шара Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебінің оқу-жаттығу орталығы базасында өтеді.

Оқу-дала жаттығу жиынының ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Аудан басшысы өз сөзінде іс-шараның жасөспірімдер бойында патриоттық сана, жауапкершілік пен тәртіп дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ әскери қызметке дайындау екенін атап өтті.

Оқу-дала жаттығу жиынына аудан бойынша 25 мектептің 233 оқушысы қатысуда. Олар әскери өмір тәртібімен танысып, бағдарлама аясында тактикалық, саптық және қорғаныс бағыттары бойынша тәжірибелік сабақтар өтеді деп жоспарлануда.

Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдердің патриоттық рухын нығайтып, тәртіп пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру.

Айта кетейік, оқу-дала жиыны алдағы 5 күн бойы жалғасады. Қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен жетекшілер марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1218500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version