Шымкентте жеке құрамның гарнизондық саптық таратылымы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында Полиция департаментінің басшысы Мұхтар Қожаевтың жетекшілігімен жеке құрамның гарнизондық саптық таратылымы өтті.

Іс-шара барысында қызметкерлердің қызметке дайындығы мен қызметтік автокөліктердің жай-күйі тексеріліп, қаладағы жедел жағдай жеткізілді.

Полиция департаментінің бастығы жеке құрамды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, қызмет барысында кәсібилігі және жоғары жауапкершілігімен ерекшеленген үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар, таратылым барысында «Қауіпсіз жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу мәселесі қозғалып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Басшылық заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті қатаң ұстану және азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Жеке құрамға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерді сапалы орындау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1219043?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version