2026 жылғы 13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кезекті
Акция кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және балаларда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Қатысуға 4-7 сынып оқушылары, сондай-ақ облыс мектептері жанынан жұмыс істейтін жас жол инспекторлары клубтарының мүшелері тартылды. Барлығы профилактикалық іс-шаралармен 600-ден астам қатысушы қамтылды.
Негізгі іс-шаралардың бірі Петропавл қаласында өтті. Онда прокуратура полициямен және білім бөлімімен бірлесіп, қуыршақ театры базасында оқушыға арналған кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы қағидаларының негізгі талаптары түсіндірілді, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс үлгілері көрсетілді, сондай-ақ интерактивті оқыту сабақтары өткізілді.
Ұйымдастырушылар оқушылардың назарын жол қозғалысы қағидаларын сақтау қажеттілігіне, өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікке және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауға аударды.
Мұндай іс-шараларды өткізу балалардың жолдарда заңға бағынатын және қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1219023?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау