Түркістанда саммит қарсаңында күштік құрылымдардың дайындығы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауқымды гарнизондық саптық таратылым өтті.

     Іс-шараға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов бастаған полиция басшылығы арнайы қатысып, дайындық жұмыстарын пысықтады.

     Сапқа полицияның жеке құрамы, құқық қорғау және күштік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ресми делегацияларды алып жүруге жұмылдырылатын қызметтік автокөліктер шығарылды.

     Гарнизондық жиынды Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров өткізіп, халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін жұмылдырылған күштердің дайындығын тексерді.

     Саптық жиын барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік тәртібі, арнайы құрал-жабдықтары мен автокөліктердің техникалық жай-күйі бақылауға алынды.

– Халықаралық саммиттің қауіпсіз әрі тыныш өтуі үшін әрқайсыңыз өздеріңізге жүктелген міндетті мінсіз орындауларыңыз қажет. Бұл қызметте ұқыптылық, тәртіп пен заң талаптарын сақтау – басты қағида, – деді облыстың бас полицейі Арыстанғани Заппаров.

     Қазіргі уақытта Түркістан қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Іс-шаралар өтетін аумақтар мен орталық көшелерде жаяу және автопатрульдер саны арттырылып, бейнебақылау жүйелері мен Жедел басқару орталығы арқылы тәулік бойы бақылау жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1218716?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version