«Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің қызметкерлері Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында нашақорлықтың және буллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасында заң мен тәртіп қағидаларын насихаттау, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар студенттерге қоғам қауіпсіздігі, азаматтық жауапкершілік және ішкі істер органдарындағы қызметтің маңыздылығы туралы қосымша ақпарат берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау