Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынылған жалған құжаттарды анықтау және артық төленген төлемдерді республикалық бюджетке қайтару жұмыстары туралы
Департамент зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың заңдылығын тексеру және зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңін жасанды ұлғайту фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік мұрағаттарға және міндетті зейнетақы жарналарын аударған мекемелерге сұрау хаттар жолдайды. Анықталған фактілер бойынша Мемлекеттік корпорацияның Алматы облысы бойынша филиалымен бірге артық төленген төлемдерді республикалық бюджетке қайтару жұмыстарын жүргізеді.
2026 жылдың 1 тоқсанында 680 адамның құжаттары күмән тудыруына байланысты тексеріліп, 25 адамның құжаттарының заңдылығын анықтау мақсатында сұрау хаттар жолданды. Нәтижесінде, бірқатар зейнеткерлердің дәлелденбеген еңбек өтілдері есепке алынбай зейнетақы мөлшері қайта қаралды.
Бүгінгі күнде республикалық бюджетке 22 млн.теңгеден астам сома қайтарылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1218578?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау