Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Байдалы ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысының барысымен танысты.
Мердігер ұйым — «Ел-Құрылыс» ЖШС болып табылады. Қазіргі таңда іргетас құю жұмыстары аяқталып, ішкі топырақ төсеу жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қиыршық тас жеткізілуде.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді, соның ішінде құрылыс жұмыстарының барысына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша. Бұл жобаны іске асырудың ашықтығын, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1218538?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау