«Жас Дәурен» жыл бойғы лагерінде оқушылар арасында авиа-, ракета, дрон, авто және кеме модельдеу бағыттары бойынша техникалық шығармашылық пен өнертапқыштықтан республикалық жарыстың облыстық кезеңі өтті.
Аталған сайыста Сандықтау ауданының намысын Каменка ауылының жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Роман Доценко абыроймен қорғады. Роман Балкашино ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «РобоТех» үйірмесіне қатысады.
Жарыс қорытындысы бойынша «Ракетамодельдеу» номинациясында Роман І- орын иеленді!
Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1219283?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау