2026 жылғы 13 мамыр Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырумен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру және іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша кеңес өтеді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Ә.Ермұқанов қатысты.
Кеңес барысында жастардың жұмыс уақытының еңбек заңнамасына сәйкестігі, еңбекақы төлеу тәртібі, салықтық және әлеуметтік аударымдарды жүргізу, кәмелетке толмағандардың еңбек қатынастарын рәсімдеу мәселелері, сондай-ақ бағдарламаны іске асыру кезінде туындайтын өзге де өзекті сұрақтар жан-жақты талқыланады. Мемлкеттік еңбек инспекциясы департменті тарапынан көтерілген мәселелер бойынша еңбек заңнамаларына сәйкес түсіндірлме берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1219424?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау