Жеңіс Күні қарсаныңда аудан әкімі Ерлан Құсайын, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мурат Исабаев, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гульжан Абжанова, Доскей ауылының әкімі Рустем Исаинов Ұлы Отан соғысының ардагері, Тулеков Айдарбектің жары , Доскей ауылының тұрғыны Тулекова Күміс Сағатовнаның шаңырағына барып мерекемен құттықтады.
Тулеков Айдарбек Тулекович 1919 жылы туылған,соғыс басталған уақытта өз еркімен майданға аттанды. Соғыс кезінде сержант лауазымында 121-дивизия, 112-кавалериялық полк құрамында шайқасты. 1942 жылдың жазында Курск облысындағы қорғаныс шебінде болған ұрыс кезінде фашистердің қолына тұтқынға түсті. Кейін тұтқыннан қашып шығып, Чехословакияның Брно қаласы маңындағы партизан отрядына қосылды. Ол Венгрияда және Румынияда соғысқан. Екі дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Олар 4 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда 22 немере, 22 шөбересі бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-buhar-zhyrau/press/news/details/1219346?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау