Жетісу облысында қант қызылшасын себу жұмыстары толық аяқталды.
Екі қант зауытының өндірістік қуатын ескере отырып, биыл тәтті түбір 13,0 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 708 гектарға артық.
Жалпы өңірде қант қызылшасын егу жұмыстарына 124 сепкіш жұмылдырылды, оның 47-сі сервистік-дайындау орталықтарының сепкіштері. Барлығы 17,5 мың себу бірлігі пайдаланылды, оның 12,7 мың бірлігі Ақсу және Көксу қант зауыттары тарапынан қамтамасыз етілді. Сондай-ақ диқандарға қажетті көлемде минералды тыңайтқыштар мен дизель отыны берілді.
Өңірде қант қызылшасын өсірумен жалпы саны 540-қа жуық шаруашылық айналысады.Атап өтсек, ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша биыл шамамен 585 мың тоннаға жуық қант қызылшасы жиналады деп күтілуде. Бұл өнім Ақсу және Көксу қант зауыттарында өңделеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1218817?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау