Заң мен тәртіп 🔹Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жол қызметі мекемелерімен бірлесіп, облыс аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Жол-көлік оқиғаларын талдау қорытындылары негізінде апат қаупі жоғары деп танылған учаскелерде жүргізушілердің назарын аудару және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 орынға стробоскоптық құрылғылар, сондай-ақ 4 орынға арнайы жобамен әзірленген жеке дара жол белгілері орнатылды.
Аталған шаралар жүргізушілердің қырағылығын арттыруға, жолдағы қауіпті учаскелер туралы алдын ала ескертуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерден көлік құралын басқару кезінде жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, жол бойында орнатылған жол белгілеріне ерекше назар аударуды сұрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1219000?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау