15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында (Coventry University Kazakhstan) классикалық шахматтан өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жаңа чемпион шықты.

Сауат Нұрғалиев 15 жасында алтыннан алқа тағып, сенсация жасады. Ол 13 турда 9 ұпай жинады. Бүгінгі шешуші ойындағы тең ұпай оның көш басында қала беруіне кедергі болған жоқ.

Ерлер (Open) жүлдегерлер:
1. IM Сауат Нұрғалиев (2464, Астана) 9 ұпай
2. IM Жандос Ағманов (2473, Астана) 8,5 ұпай
3. GM Рамазан Жалмаханов (2464, Алматы) 8 ұпай.

Әйелдер арасында да тартыс соңғы сәтке дейін сақталды. Нәтижесінде алғашқы төрттіктегі шахматшыда бірдей ұпай. Орындар тек қосымша көрсеткіш бойынша анықталды.

Жүлдегерлер:
1. Лия Құрманғалиева, 9 балл
2. Зарина Нұрғалиева, 9 балл
3. Елназ Қалиахмет, 9 балл

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1219592?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version