16 мамыр күні Өскемен қаласында Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16 мамыр күні Өскемен қаласында Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

 

Қала тұрғындары табиғи әрі сапалы өнімдерді өндірушілерден тікелей нарық бағасынан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып ала алады.

 

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 3,5 тонна болатын келесі өнімдер әкелінеді:

 

картоп – 310 кг

қарақұмық – 140 кг

асбұршақ – 140 кг

арпа жармасы – 40 кг

ұн – 100 кг

күнбағыс майы – 400 л

сары май – 20 кг

сүт – 51 л

қаймақ – 23 л

сүзбе – 25 кг

ірімшік – 25 кг

жұмыртқа – 450 дана

бал – 205 кг

сиыр еті – 400 кг

жылқы еті – 700 кг

қой еті – 250 кг

тауық еті – 5 кг

шұжық өнімдері – 40 кг

нан-тоқаш өнімдері – 30 кг

көкөніс, тұздалған өнімдер, тосап, компот және өзге де тауарлар.

 

📍 Өтетін орны: «Алтай» КТО, Жібек жолы көшесі, 44

🕗 Уақыты: 08:00-ден 13:00-ге дейін

 

🤝 Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз! Шемонаиха ауданының табиғи өнімдерін сатып алып, дәмін татыңыздар

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1219528?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version