2026 жылғы 14 мамырда Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов Департаменттің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №16 н/қ бұйрығымен бекітілген ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2026 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарының 9-тармағына сәйкес құқықтық оқыту өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 

2026 жылғы 14 мамырда Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов Департаменттің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №16 н/қ бұйрығымен бекітілген ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2026 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарының 9-тармағына сәйкес құқықтық оқыту өткізді.

Құқықтық оқыту барысында Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы мәселелері түсіндірілді.

Аталған Қағида Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №427 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №255 бірлескен бұйрығымен бекітілген.

Құқықтық оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылының негізгі бағыттары:
  • мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
  • заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдардың сақталуына ықпал ету;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  • құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларына талдау жүргізу;
  • түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында анықталған жағымсыз материалдармен жұмыс жүргізу;
  • заңнама талаптарын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау.
  1. Әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік жұмыс жоспарлары негізінде ұйымдастырылатыны атап өтілді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның профилактикалық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу тәртібі түсіндірілді.
  3. Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жоспарын әзірлеу және бекіту мерзімдері мен тәртібі қарастырылды.
  4. Үлгілік жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпараттың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында мерзімді түрде орналастырылатыны айтылды.
  5. Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметі туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы екені түсіндірілді.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1219777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version