Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 2-тармағына сай, 14 мамыр күні Сарыағаш ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы Орынбек Бағжан «Сәт Медиа-Холдинг» ЖШС-нің Сарыағаш радиосына «Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы маңызы, қызметкерлердің әдептілігі мен жауапкершілігі, сондай-ақ халыққа сапалы қызмет көрсету қағидаттарын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті екені атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1219970?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау