Ағымдағы жылдың 05-06 мамыр күндері Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі М.Бәзіловтің 2026 жылдың І жартыжылдығы бойынша халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.
Кездесу округке қарасты 4 елді мекен — Айнабұлақ бекеті, Подхоз ПЧ-45 ауылы, Көпір және Тауарасы разъездерінің тұрғындары алдында өтті. Кездесу барысында округ әкімі атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін кеңінен баяндады.
Атап айтқанда, ауылды абаттандыру, көше жолдары, бақшаларды сумен қамтамасыз ету және көше жарықтандыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар да қамтылды.
М.Бәзілов өз баяндамасында алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыру басты мақсат екенін атап өтті.
Кездесу ашық форматта өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әкім әрбір сұраққа нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-ainabulak/press/news/details/1220226?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау