Алғаш рет Республикада – «ТВОЙ ВЫБОР» әлеуметтік шоу-жобасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алғаш рет Республикада – «ТВОЙ ВЫБОР» әлеуметтік шоу-жобасы

20 мамыр мен 14 маусым аралығында Кинотеатр «Юбилейный» мен ШҚО Полиция департаментінің бірлесуімен балалар мен жасөспірімдерге арналған интерактивті шоу өтеді.

Бұл – бүгін үнсіз қалуға болмайтын тақырыптар туралы жоба:

  • буллинг
  • әлеуметтік қысым
  • тәуелділіктер
  • «басқалардан өзгеше» болудан қорқу
  • өз таңдауың мен көптің пікірінің арасындағы шешім

Көрермендер кейіпкерлермен бірге шынайы оқиғаларды бастан өткеріп, әр таңдаудың қандай салдарға әкелетінін көреді.

Жоба балаларға өз бетінше ойлануды, қысымды байқауды және өзін жоғалтпауды үйретеді. Әр сюжеттен кейін залмен бірге эмоция, талқылау және ашық диалог өтеді.

Бағдарламада:

  • мини-сюжеттер мен интерактив
  • ойындар, конкурстар және сыйлықтар
  • қазақ және орыс тіліндегі шоу
  • бағдарламадан кейін кинотеатр репертуарындағы фильм

«Юбилейный» кинотеатры
20 мамыр – 14 маусым
8+
1600 тг
Бронь: +7 701 531 8142 (Тимур)

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1220214?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version