Амангелді ауданы прокуратурасында жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бизнес субъектілерінің және «Атамекен» ҰКП филиалының қатысуымен өңірдегі инвестициялық жобаларды іске асыру барысында өзара іс-қимыл мәселелері мен әкімшілік кедергілерді жою жолдары талқыланды.
«Тлеп» жеке қайырымдылық қорының құрылтайшысы Сапар Ысқақұлы туристік хаб құру жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп, сондай-ақ кеңеске қатысушыларға құрылыс алаңын көрнекі түрде көрсетіп, бар проблемалық мәселелерді атап өтті.
Тағы бір инвестор Жасұлан Ұлықпанұлы картоп өсіруге арналған суару жүйесі жобасының іске асырылуы туралы хабарлады.
Кеңес қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері прокуратураның бақылауына алынды. Уәкілетті мемлекеттік органдарға қабылданатын шешімдерді прокуратурамен келісу алгоритмі қосымша жеткізілді.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1220107?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау