9-11 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 2026 жылғы 2-6 мамыр аралығында Астана қаласындағы Шәкәрім атындағы № 56 мектеп – лицейінің базасында өтті.
Олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан Ұлттық Банкі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.
Ақмола облысының командасы өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті: алты қатысушының бесеуі жүлделі орындарға ие болды.
I-дәрежелі дипломмен:
Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Чугунов Андрей марапатталды.
IІ-дәрежелі дипломмен:
1.Чикомеев Михаил – Атбасар ауданы, Мариновка ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
2.Бахытжан Нұрымжан – Silk-Road corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қосшы қаласының Бизнес академия «Дара» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
3.Сейтқали Жалиль – Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы марапатталды.
IІI-дәрежелі дипломмен
Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Меркулов Роман марапатталды.
Құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1219710?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау