Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» ауқымды IX көрмесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 22-24 мамыр аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің жыл сайынғы IX «Ulttyq ónim» көрмесі өтеді. Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-ден астам өндіруші өз өнімдерін ұсынады.

Солтүстік Қазақстан облысынан көрмеге азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері, жиһаз өнеркәсібі, машина жасау және жабдық, құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі, қаптама мен ыдыс, киім мен аяқ киім, сондай-ақ медициналық қызметтер салаларының кең спектрін ұсынатын 33 өндіруші қатысады.

Өңір кәсіпорындарының қатысуы Солтүстік Қазақстан облысының өндірістік әлеуеті мен өнім сапасының жарқын көрінісі болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Даму» Қорының бағдарламалары арқылы Үкіметтің қолдауымен Қазақстанда өндірілген тауарлардың кең ассортиментімен танысып, сатып ала алады.

Көрмеде тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап машина жасау, Жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейінгі түрлі өнімдер ұсынылады.

«Ulttyq ónim» өткізу отандық тауарлар мен қызметтерді танымал етуге және ілгерілетуге ықпал ететін жақсы дәстүрге айналды.

Аймақ тұрғындарын «Ulttyq ónim» көрмесіне қатысуға және отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз!

Орны: EXPO халықаралық көрме орталығы (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1)

Салтанатты ашылу күні: 22 мамыр сағат 09: 00-де.

Көрменің жұмыс уақыты: 2026 ж. 22-24 мамыр сағ. 08: 00-18: 00

Іс-шараның толық бағдарламасымен сайтта танысуға болады: https://ulttyqonim.kz/.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1220413?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version