Астанада үш күнге созылған көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған чемпионатта көпсайыс бойынша Астана қаласының көркем гимнастары жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 өңірінен келген 80-нен астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жеке бағдарлама бойынша командалық есепте Астана қаласының құрамасы І орынды иеленді.
Команда құрамында:
• Ақмарал Ерекешева;
• Айбота Ертайқызы;
• Айым Мейіржанова;
• Дария Көшербаева.
Жеке бағдарламадағы көпсайыс финалында:
• І орын – Ақмарал Ерекешева;
• ІІІ орын – Айым Мейіржанова.
Ал топтық бағдарлама бойынша көпсайыс финалында №1 Ұлттық құрама командасы І орынға ие болды.
Команда құрамында:
• Жасмин Жүнісбаева;
• Аида Хәкімжанова;
• Кристина Чепульская;
• Мадина Мырзабай;
• Айзере Кеңес;
• Айзере Нұрмағамбетова.
Айта кетейік, жарыс жеке және топтық жаттығулар бойынша өтті. Гимнастар шығыршық, доп, таспа және шоқпармен өнер көрсетсе, топтық жаттығуларда бірнеше композициялық бағдарлама ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1220308?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау