2026 жылғы 1 тоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының мамандарымен санитариялық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 6900 сынамасы алынды, 530 сынамада немесе 7,7% ауытқулар анықталды (2025 ж. І тоқсанда – 11880/1146 – 9,6%).
Зертханалық бақылау автомобиль көлігінің ең қарқынды қозғалысы бар автомагистральдарда жүзеге асырылды, онда 5280 сынама зерттелді, зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының (бұдан әрі – ШРК) артуы 530 сынамада немесе 10,0%-да анықталды (2025 ж. І тоқсанда. – 7680/1050 – 13,7%).
Өнеркәсіп кәсіпорындарының әсер ету аймағындағы селитебті аумақта 1620 сынама зерттелді, оның ішінде Гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіні анықталған жоқ (2025 ж. І тоқсанда – 4200/36 – 0,9%).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1220266?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау