Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы (ББЖМ)
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінен 20 мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысының 4 және 9 сынып оқушылары ББЖМ-ға қатысады. Зерттеу компьютерлік кешенді тестілеу форматында өтуде.
ББЖМ өткізу мақсаты – білім сапасы мен функционалдық сауаттылықты (оқу, математикалық, жаратылыстану) бағалау болып табылады. ББЖМ нәтижелері оқушылардың үлгеріміне әсер етпейді және емтихан емес. Бұл мониторинг мектептерге одан әрі әдістемелік көмек көрсету үшін білімдегі олқылықтарды анықтауға бағытталған.
Осы зерттеуді жүргізуге Департамент қызметкерлері бақылаушылар ретінде қатысуда. 30 сәуір мен 13 мамыр аралығында Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау, Мамлют, Уәлиханов, Ақжар, Жамбыл, Есіл, Тимирязев аудандарының мектептерінде мониторинг өткізілді, сондай-ақ Тайынша, Қызылжар, Аққайың, М. Жұмабаев және Петропавл қаласының мектептерінде өткізуге қатысу жоспарланған.
Бүгінгі таңда Департамент қызметкерлері мектептер бойынша ББЖМ өткізу барысында бұзушылықтар орын алған жоқ деп хабарлайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1219890?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау