«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 мамырда департаментте «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» атты ашық алаңы өтті. Іс-шараға мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, Облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша кәсіби дамыту институты филиалы, Департамент жанындағы «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес» мүшелері, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жетісу облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі,  педагог-ардагерлер, «Amanat» партиясының  Жетісу облыстық филиалының  «Болашақ», «Білім» бастауыш партия ұйымдары, Облыстық және Талдықорған қалалық мәслихаттарындағы педагог-депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

         Ашық талқылау алаңының негізгі мақсаты – Жетісу облысының білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаларды сақтау мәселелерін талқылау, білім сапасын арттыру және құқықтық сауаттылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Жетісу облыстық білім саласындағы  ардагерлер кеңесінің төрағасы, Оқу-ағару, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы төрағасының орынбасары Тұрысбеков Болат Каметұлы, Талдықорған қаласы №7 бөбекжай  бақшасының меңгерушісі Талдықорған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты Тұлымшақова Гульниса  Досанқызы, Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылындағы Дарынды балаларға арналған лицей -интернатының директоры Рапилова Эльмира Жанатқызы, Талдықорған қаласындағы жоғарғы медициналық колледж директоры Талдықорған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты  Джансенгиров Серик Максимович, Талдықорған қаласындағы №8 Островский атындағы орта мектептің жас маман педагогі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Еркежан Жанботақызы,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  Жетісу облысы бойынша кәсіби дамыту институты филиалының басшысы Балшенова Алмагуль Жакановна сөз сөйледі. Сөз алушылар жаңа Конституцияның білім саласындағы негізгі басымдықтарын, оның ішінде құқықтық қорғалу, мемлекетті дамытудағы білім мен ғылымды ілгерлету, экологиялық  әдеп нормаларына қатысты  жауапкершілікті арттыру, жасанды интеллект пен  цифрлық кеңістікті тиімді пайдалану мен дербес деректердің қорғалуы  мәселелері бойынша практикалық кейстерді талқылап, жастардың зияткерлік қабілеттерін арттыруға  ұсыныстар беріп, оны жүзеге асыру механизмдерін анықтады.  Ашық алаң қатысушылары мықты мемлекет – сапалы білім мен саналы тәрбиеге негізделетініне  ерекше тоқталып, білімді ұрпақ тәрбиесіне барша зиялы қауымды  белсенді бірігіп жұмыс жасауға бел буумен қорытындылады.

         Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Болашақта осындай алаңдар құқық пен білім тәрбие мен ұлттық құндылықты аттыруда тұрақты жұмыс жасайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhetysu/press/news/details/1219976?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version