Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы облыстық кеңеске қатысты.
2026 жылғы 13 мамырда өткен жиында білім басқармасының орынбасары, төтенше жағдайлар, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, денсаулық сақтау басқармасы, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлер, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жазғы сауықтыру орталықтарының директорлары қатысты. Кездесу барысында жазғы маусымға дайындық мәселелері, соның ішінде балаларға арналған маусымдық лагерьлерді лицензиялау, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларды қосымша білім беру бағдарламаларымен қамтуды кеңейту және жазғы кезеңде мазмұнды демалысты ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhetysu/press/news/details/1219964?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау