Досбол ауылдық клубы мен ауылдық кітапхананың ұйымдастыруларымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз елім» атты мерекелік концерт өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойында ұлттар арасындағы достықты, татулық пен бірлікті насихаттау, сондай-ақ әр халықтың мәдениеті мен өнеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Мерекелік кеш барысында түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды.
Сонымен қатар, оқушылар бірлік пен достық туралы өлеңдер оқыды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-dosbol/press/news/details/1219786?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау