Оның ішінде 77 гектарға картоп, 500 гектарға көкөніс, 228 гектарға бақша дақылдары және 1000 гектарға жоңышқа өсіріледі. Қазір жер жырту жұмыстары толық аяқталып, шаруашылықтар көктемгі егіс науқанын бастап кетті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудандағы Алғабас-Жорық, Құрайлысай, Бағырлай және Ақсай каналдары арқылы егін шаруашылығымен айналысатын диқандар суармалы сумен толық қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, 3 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару үшін «Aiya Agro» компаниясы 10 суару агрегатын орнатқан. Қазір нысандарды электр желісіне қосу және қоршау жұмыстары ұйымдастырылуда.
Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәмбетқали Құсайыновтың айтуынша, жоба аясында қант қызылшасы мен майлы зығыр дақылдарын өсіру, сондай-ақ мал азығына қажетті жоңышқа алқабын ұлғайту көзделген.
Айта кетейік, былтыр ауданда 1387 гектар егіс көлемі толық игерілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1220075?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау