Талас ауданы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында заңдылықты нығайту, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында «Болашақ прокурорлар» клубы ашылды.
Аталған іс-шараға прокуратура органдарының ардагері, облыстық маслихат депутаты Н.Адилов, аудан прокуроры, аудан әкімі, маслихат және ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысып, аталған клубтың маңыздылығын атап өтіп, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. тақырып қой
«Болашақ прокурорлар» клубы — оқушыларды құқықтық ағартуға тартудың жаңа форматы.
Клубтың мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет қалыптастыру және болашақ мамандыққа бағыт беру болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1219668?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау