Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Рустан Серікұлы Ахметжанов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңаөмір Кенжебайұлы Джамалов мамыр айының мерекелері — 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында сала ардагерлері мен зейнеткерлерін арнайы құттықтады.
Кездесу барысында көп жылдар бойы қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына елеулі үлес қосып, адал қызмет атқарған ардагерлерге құрмет көрсетілді. Сала басшылығы олардың еңбегі мен тәжірибесі кейінгі буын үшін әрдайым үлгі екенін атап өтті.
Іс-шара аясында ардагерлерге жылы лебіздер айтылып, мерекелік сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ олардың қоғамдағы орны мен жастар тәрбиесіндегі маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген құрмет пен ілтипат үшін алғыстарын білдіріп, ел тыныштығы мен халық амандығына тілектестік білдірді.
Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ардагерлерге деген құрметті арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1219792?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау