«Рецидив превенциясы» жобасы аясында, сондай-ақ қайталама қылмыстылықтың профилактикасы мақсатында Егіндікөл ауданының прокуратурасы пробациялық бақылауда тұрған сотталған тұлғалардың қатысуымен көрсетілімдік сот процесін ұйымдастырды.
2026 жылы аудан тұрғыны ұрлық жасағаны үшін сотпен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына, пробациялық бақылау белгілене отырып, сотталды.
Алайда, бақылауда болғанына қарамастан, соңғысы тиісті қорытынды жасамаған және жазаны өтеу ережелерін бұзуды жалғастырды, атап айтқанда бес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша 4 рет және 667-бабының 1-бөлігі бойынша 1 рет), үш рет сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты жерінен тыс жерде болуға қойылған тыйымды бұзған, сондай-ақ пробация қызметіне тіркелуге келмеген.
Пробация қызметі жазаны ауыстыру туралы ұсыныс енгізіп, сот өтелмеген бостандығын шектеу жазасын 2 жыл 10 ай 21 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
Ақмола облысының прокуратурасы заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1219816?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау