Еліміздің тау-кен саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада өткен Қазақстанның тау-кен конгресіне ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты. Саланың жетекші мамандары мен сарапшыларының басын қосқан халықаралық іс-шара аясында тау-кен өндірісіндегі қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мәселелері қаралды. Жиынның  «Инженерлік шешімдер, жабдықтау және тау-кен кәсіпорындарын тиімді пайдалану» атты 5-сессиясы аясында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қ.А. Есенеев баяндама жасады.  Маманның «Тау-кен саласындағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбы  саланың қазіргі тыныс-тіршілігі мен болашақ даму бағыттарын жан-жақты талдауға арналды. Аталған іс-шараға саланың білікті мамандары қатысып, тау-кен кәсіпорындарындағы жұмыс барысы мен қауіпсіздігі төңірегінде кәсіби тәжірибе алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1220250?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version