Энергетика министрлігінде заңнамалық бастамалар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «AMANAT» партиясының «Бірлік» аумақтық филиалы Энергетика министрлігі ұжымымен кездесу өткізді.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, «AMANAT» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Ақтайлақова және Энергетика министрлігі аппаратының басшысы Айдын Ашуев қатысты.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Марат Башимов сөз сөйлеп, заңнамалық бастамалар, энергетика саласын дамыту және саланың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ жиында энергетика саласындағы алдағы жоспарлар мен маңызды бастамалар талқыланып, саланың тұрақты дамуына қатысты ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, тиімді бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру бағытында жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1220124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version