Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізілді.
Бүгінгі күнге энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының қалыптасқан және тұрақты сегменті болып табылады. Қазақстан Республикасында аталған өнімді өндіру және импорттау қызметін 5 отандық өндіруші және 5 ірі импорттаушы жүзеге асырады.
Сонымен қатар өндірістің едәуір бөлігі ел ішінде шоғырланған. Қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді шетелге де табысты экспорттауда, бұл саланың дамуы мен экспорттық әлеуетінің бар екенін көрсетеді.
Өнімнің осы санаты бойынша акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген: 2026 жылдан бастап акциз мөлшері 1 литр үшін 100 теңгені, 2027 жылдан бастап – 140 теңгені, 2028 жылдан бастап – 180 теңгені құрайды.
Акциздік реттеуді енгізу энергетикалық сусындар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке салық төлемдерінің толық әрі уақтылы түсуіне, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және әділ жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.
Сала өкілдерінің бағалауы бойынша энергетикалық сусындардың негізгі тұтынушылары кәмелетке толған азаматтар болып табылады. Осыған байланысты аталған өнімді өткізу кезінде заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру, нарықтың ашықтығын арттыру, сондай-ақ адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1219719?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау