2026 жылғы I тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі1) 4,5% құрады.
2026 жылғы I тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша жұмыс күшінің саны 9398,0 мың адамды құрады. Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9392,0 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7290,4 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77,6%) жалдамалы қызметкер болса, 2101,6 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 22,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,1% құрады.
Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 108,5 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлердің есебінен өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (13,3%), өнеркәсіп (12,6%) және ауыл шаруашылығы (10,2%) салаларында байқалды.
Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 5,8% құрады.
15-34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,0% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2026 жылғы сәуір айының соңына 334,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,4% құрады.
Анықтама:
Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.
1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1219931?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау