Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы О.Т. Сағадиев «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлерге жалақыны уақытылы төлеу, еңбек құқықтарының сақталуы, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтерді енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1220273?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау